Салыстыру үшін айта кетсек, 2019 жылдың 12 айында жалпы инфляция деңгейі небәрі 5,3% болды, бірақ азық-түлік тауарларының бағасы бір жылда 8,2% өсті, тағам өнімдерінің өзі 8,1% қымбаттаған.

2019 жылдың желтоқсанының қорытындысы бойынша сүттің 1 литрінің орташа бағасы 222 теңге болды, 2018 жылы 1 литр сүт 211 теңге болған. Пастерленген сүттің литрі 2018 жылы 228 теңге болса, бір жылдан соң баға 251 теңгеге көтеріліп отыр.

Сүт

Мамандардың мәліметінше, Қазақстанда сүт өндірісі артып келеді. 2019 жылдың 11 айында елімізде 509,3 мың тонна өңделген сүт пен кілегей өндірілді, 2018 жылдың 11 айында 476,3 мың тонна өндірілген. Өндірістің 30%-і Солтүстік Қазақстан облысына тиесілі. Сүт өндірісі жөнінен Алматы, Ақмола, Қостанай облыстары да алда.

Сүт

Қазақстанның сүт өндірушілері ішкі нарық сұранысын толық өтеп отыр: 2019 жылдың 10 айында сүт пен кілегей бойынша сұраныстың 96,3%-ін жергілікті компаниялар есебінен өтелген. Ал экспорт бір жылда 33% артты.

Сүт

Еске салайық, Еуразия экономикалық комиссиясы кеңесі Қазақстан үшін сүт шикізаты микробиологиялық көрсеткіштері талабын қабылдау жөніндегі ауыспалы кезеңді 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін ұзартқан еді. Ауыспалы талап бойынша өндірілген сүт өнімі Қазақстан айналымында ғана болады. Бұл мерзімді еліміз екі рет кейінге қалдырған, әуелі 2017 жылдың 1 шілдесінен соң, кейін 2020 жылдың 1 қаңтарынан соң қабылдайтын болды.