Атырау облысының әкімі ҚР президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс беруге қатысты

Аймақ басшысы Серік Шәпкенов жерлестерді сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасауға шақырды.

— Тарихи мүмкіндік бәріміздің өз қолымызда! Бүгін сайлауға келіп дауыс беру арқылы болашақ ұрпақ алдындағы парызымызды өтеп жатырмыз. Бүгін қандай іргетас қалаймыз, бүкіл ел тағдыры әрі қарай солай қалыптасады. Жерлестерімді белсенділік танытып өз таңдауын жасауға шақырамын,-деді Серік Шәпкенов.

Атырау облысы бойынша 261 сайлау учаскесі бар. Олар таңғы сағат 7:00-ден 20:00 аралығында ашық болады. Облыс бойынша 409 949 сайлаушы тіркелген.