Президент сайлауы: үш сағат ішінде 23,37% қазақстандық дауыс берді

Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың аумақтық комиссиялардың мәліметі бойынша сағат 10.00-дегі жағдай бойынша президент сайлауында дауыс беру тізіміне енгізілген азаматтардың 23,37%-і немесе 2 792 962 азамат бюллетень алды, — деп мәлімдеді орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов.

Әзірге өңірлер арасында Қарағанды облысы (32,27%), Шымкент қаласы (30, 92%) және Қызылорда облысы (29,41%) алда келеді. Ал Алматыда сайлаушылардың нәбәрі 8% дауыс беруге келген.

Осы жолы бүкіл ел бойынша 10 101 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Шетелде жүрген қазақстандықтар да президент сайлауында дауыс бере алады. Ол үшін 53 мемлекетте 68 сайлау комиссиясы құрылды. Кезектен тыс президент сайлауында 11 миллион 950 мың 485 адам дауыс бере алады.