Продюсер Алуа Қонарова кастинг жариялады

Бұл туралы продюсер өзінің Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.

«Назар аударыңдар, Ayumi тобына кастинг! Биге икемді, дауысы бар, түрі әдемі болуы керек. Бойы 165 сантиметрге дейін. Фото мен видеоларды а[email protected] поштасына жіберіңіздер.

Жеке Ayumi ұжымының тілегі: аспаздық қабілеті бар, үй жинап, кір жуа алатын болуы керек»,-деп жазады Қонарова ханым.

Ayumi тобының құрамы толығымен өзгертіле ме, әлде топ толықтырыла ма, ол жағы әлі белгісіз. Бірақ ел арасында екінші нұсқа көп таралған.