Азиада: Ян Савицкий күміс алды

Ол бүгін 12,5 шақырым қашықтықта із қуып жарысу бағдарламасында мәре сызығын жапондық спортшыдан кейін екінші болып кесті. Ал үздік үштікке Оңтүстік Корея спортшысы ие болды. Бұл бәсекеде Ян Савицкийден бөлек Василий Подкорытов, Максим Браун, Антон Пантов өнер көрсеткен болатын. Алайда, олар үздік нәтиже көрсете алған жоқ.

Ян Савицкий болса алтын ала алмауының себебін допингтік тексерудің қажытып жібергенімен түсіндірді. Естеріңізге сала кетейік, Австрияда өткен биатлоннан әлем біріншілігінен соң қазақстандық құраманы допинг қолданды деп айыптап, тексеруден өткізген еді.

Енді қазір биатлоннан із қуу жарысынан 10 шақырым қашықтықта қыздарымыз Галина Вишневская, Алина Райкова, Дарья Усанова, Анна Кистанова жарыс алаңына шығады.

ДереккөзInform.kz