Алматыда бір тәулікте 160-тан астам жол апаты тіркелді

Осыған орай, Алматы полициясы жол қозғалысына қатысушыларға үндеу жасады.

Ауа райының нашарлауына байланысты жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырамыз. Көбінесе бұл үндеу көлікті басқаратын қала жүргізушілеріне арналған. Біз оларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жүргізуші мәдениетін танытып, зейінділігін арттыруға үндейміз. Әдетте, ауа райының нашарлауы жалпы жол қозғалысы жағдайына әсер етеді. Біз автоәуесқойларды көліктерін қыс мезгіліне алдын ала дайындау керектігін, қысқы дөңгелектерге ауыстыру қажеттігін ескертеміз. Бұл үндеу қазір өте өзекті және жолдардағы қайғылы оқиғалардың алдын алуға септігін тигізеді, – деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Болатбек Баятанов.

Еске салайық, 8 қараша күні Алматыда Төле би — Абылай хан көшелерінің қиылысында екі автобус соқтығысты.