Алматыда екі автобус соқтығысып, бір адам қаза болды

Әлеуметтік желіде Төле би көшесі мен Абылай хан даңғылы қиылысында болған жол апатының кадрлары пайда болды. Екі автобус соқтығысып, жолаушылар арасында зардап шеккендер бар екені хабарланды.

Алматы қалалық полиция департаменті 98 және 201-бағыттағы екі қоғамдық көліктің соқтығысуы салдарынан бір адам қаза болып, алдын ала мәлімет бойынша 15 адам зардап шеккенін хабарлайды, — делінген хабарладама.

Дерек ҚР қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Сараптамалар тағайындалды.