Үкіметте отандық машина жасауды дамыту мәселесі қаралды

Кеңеске мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар мен салалық кәсіпорындардың басшылары қатысты.

Кеңес барысында машина жасау саласын дамытудың кешенді жоспарын және Вагон жасауды дамыту жөніндегі жол картасын әзірлеу, сонымен қатар жергілікті қамтуды дамыту және әлеуметтік үшжақты әріптестік жөніндегі салалық комиссияның жұмысының тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.

Премьер-министр саланы қолдау жөніндегі бастамаларды мақұлдады. Ол жергілікті қамтуды дамытуды нарықтық құралдар: оффтейк және офсеттік келісімшарттар есебінен ынталандыру қажет екенін айтты.

Бұдан басқа, ғылыми-өнеркәсіптік кластерлерді құру, машина жасау кәсіпорындарын шикізатпен, қолжетімді кредит ресурстармен және басқа да ынталандыру шараларымен қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Әлихан Смайылов мемлекеттік органдарға оларды егжей-тегжейлі пысықтауды тапсырды.