Қазақстан мен Қатар арасында рейстер саны көбейеді

2023 жылғы 3 қаңтардан бастап қатарлық авиакомпания Алматы және Доха қалалары арасындағы тұрақты жолаушылар рейстерінің санын аптасына 4-тен 7-ге дейін арттыруды жоспарлап отыр. Екі ел арасында әуе қатынасы күнделікті болады.

Сонымен қатар әуекомпания 2023 жылдың көктемгі-жазғы кезеңінде Қазақстан мен Қатар астаналары – Астана мен Доха арасында рейс ашуды жоспарлап отыр.

Рейстерді ұлғайту және ұшу географиясын кеңейту Қазақстан мен Қатар арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етпек.