Қарашадан бастап Астана-Павлодар бағытында әуе рейстері қатынайды

Мемлекет басшысының Павлодар облысына жұмыс сапарының қорытындысы бойынша «Астана-Павлодар» бағытында тікелей әуе рейстерін ашу тапсырылған болатын. Осыған орай индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің азаматтық авиация комитеті тиісті жұмыстарды жүргізді.

Нәтижесінде биылғы жылдың 1 қарашасынан бастап Qazaq Air авиакомпаниясы аптасына 4 рет жиілікпен әлеуметтік маңызы бар «Астана-Павлодар» авиамаршрутын орындай бастайды, — делінген хабарламада.