Басты бетЖаңалықтарІІМ кәмелетке...

ІІМ кәмелетке толмағандардың шетелге шығу тәртібін өзгертеді

Іс жүзінде біз жыныстық және еңбек қанауы, бала асырап алу мақсатында жаңа туған балалардың саудасы, адам ағзаларының саудасы және қайыр сұрауға мәжбүрлеу сияқты қылмыстармен бетпе-бет келеміз. Қылмыс объектісіне айналатын көбіне балалар болғандықтан осы мәселе ерекше назар аударуды қажет етеді. Сондықтан 16 жасқа толмаған азаматтардың Қазақстаннан кету тәртібі өзгереді, — деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басшысы Қанат Нұрмағамбетов.

Марат Ахметжанов балалардың шетелге шығуы бақыланатынын, ата-анасының рұқсатынсыз бөгде адам баланы шетелге әкете алмайтынын айтты.

Бірақ бізде балаларды жалған құжатпен немесе алдау арқылы халықаралық іс-шараларға апаратын жағдайлар кездеседі. Содан кейін оны қайтару қиынға соғады. Мұнда біз қырағылық танытып, олардың қайда бара жатқанын, қандай мақсатта кететінін біліп алдын алуымыз керек, — деп түсіндірді министр.