Көлік және тұрмыстағы қызметтерге арналған халықаралық InDrive IT платформасы 2022 жылдың қаңтар айынан қыркүйекке дейін «Пайдаланушылардың шағымы» санатындағы шағымдарды өңдеу кезінде қабылданған қауіпсіздік шаралары туралы статистиканы бөліседі.
inDrive-тың қолдау қызметі күнде ішкі чат немесе сыртқы байланыс арналары (әлеуметтік желі, электрон пошта және т.б.) арқылы келетін мыңдаған хабарламаны өңдейді. Сервис үшін әр қолданушының пікірі маңызды. Арнайы қабылданған тексеру рәсімдері болса да, шешім әр жолы оқиғаның ерекшелігіне байланысты жеке қабылданады. Бұл ретте әділдік пен бейтараптық принципіне басымдық беріледі.
3 маңызды қорытынды
- Жағдайлардың жартысында (45%) жүргізушінің жолаушыларға қатысты шағымы расталмады
- Шағымдарды тексергеннен кейін жүргізушілердің аккаунты жолаушылардікіне қарағанда бес есе жиі бұғатталды (5,5%-ке қарсы 1%).
- Баспасөз қызметі жолаушыларға түскен арыз-шағымның 40%-ке жуығын негізді деп таныды.
Айта кету керек, нәтиже бойынша жолаушыларға қатысты 1 шағымға жүргізушілерге қатысты 1,7 шағым қарсы. Мұндай қорытынды қызметті көрсетушілерге қарағанда оны тұтынушылар жиі шағымданатынын білдіреді.
Шағымдарды қарау тәртібі
inDrive-тың пайдаланушыларды жеке қолдайтын қызметі бар. Бұл қызметтің мамандары келіп түскен ақпаратты тіркеп, тиісті бөлімге береді. Сонымен қатар олар шағымды өз бетінше тексереді: жолаушылармен байланысады, фактілердің дұрыс-бұрысын тексереді, жұмысты түрлі бөлім мен елдердегі әріптестерімен үйлестіреді. Бұл бөлімнің жұмысы хабарлама бойынша қызмет тәулік бойы көрсетілетіндей етіп құрылған. Әр шағым Қазақстанның заңнамасына сай, оның ішінде жеке деректерді сақтау туралы заңнамаға сай өңделеді.