inDriver ауқымды ребрендинг жасап жатыр

Барлығына таныс inDrive қосымшасы бұл- Independent Drivers (тәуелсіз жүргізушілер). inDrive компаниясының жаңа атауы Inner Drive үшін аббревиатура. Ол компанияның миссиясы — Challenging injustice (әділетсіздікке қарсы тұру) ішкі күш пен жігерді бейнелейді. Жаңа атау сабақтастықты сақтайды және компанияның жаңартылған миссиясы мен құндылықтарын көрсетеді.

Қолданба жолаушылар тасымалы шеңберінен шығып, қалалық қызмет көрсету нарығына айналды, оның көмегімен пайдаланушылар жұмыс іздейді, тұрмыстық қызметтерге, қалааралық сапарларға, жеткізу және жүк тасымалдауға тапсырыс береді. Қолданыстағы қызметтерді жетілдірумен қатар компания жаңа стратегиялық сегменттерге – финтех, азық-түлік жеткізу, электрон коммерцияға енеді, сонымен қатар кең ауқымды коммерциялық емес даму бағдарламаларын әзірлейді.

inDrive әділетсіз, ашық емес жағдайлар қалыптасқан нарықтар мен өмір салаларын жүйелі түрде іздеуге және оларды қызмет көрсетудің бүкіл желісі бойынша кеңейте отырып, балама үлгілерді ұсынуға ниетті.