Елімізде құс атуға тыйым салынды

Шектеу 3 жылға созылған. Оған құстар санының азайып кетуі басты себеп болып отыр. Себебі 2015 жылмен салыстырғанда өткен жылы құстардың саны 2 млн-ға кеміген.

Бұл норма «Ерекше қорғауға алынған табиғи аумақтар» және «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» ҚР заңдарымен реттеледі. Ал заңға бағынбағандар әкімшілік жазаға тартылып, айыппұл төлейді.

Айта кетейік, шектеу тек көктемгі мезгілге қойылды. Демек, күзгі уақытта құс аулауға болады. Алайда, бір адамға 5 құс атып алуға ғана мүмкіндік беріледі. Аталған норма күзден бастап күшіне енеді.

 

 

ДереккөзBaq.kz