Азиада: Қоржынға қола түсті

Жетінші медальды Қазақстан қоржынына конькишілеріміз салды. Олар эстафеталық жарыстан үздік үштіктің қатарынан табылды.

Бұл сайыста Оңтүстік Корея құрамасы чемпион атанды. Екінші орынды айдын иелері алды.

Қазақстан құрамасы сапында эстафета жүгірген спортшылар: Дмитрий Бабенко, Денис Кузин және Федор Мезенцев.

Қысқы Азия ойындары-2017.

Саппоро (Жапония) Коньки. Із кесу сайысы. Эстафета

1. Оңтүстік Корея — 3:44.32

2. Жапония — +1.61

3. Қазақстан — +15.05.

ДереккөзInform.kz