Биыл Дінмұхамед Қонаев пен Шапық Шөкиннің туғанына 110 жыл. Осы мерейлі датаны атап өту мақсатында олардың құрметіне Қонаев қаласында мемориалдық ескерткіш қойылды.
Биыл Дінмұхамед Ахметұлының 110 жылдығымен қатар, Қапшағай су электр станциясы жобасының авторы, Шапық Шөкиннің 110 жылдығы және көрнекті мемлекет қайраткері Асанбай Асқаровтың 100 жылдығымен ерекшеленіп отыр. Өңіріміздің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан біртуар азаматтардың еңбегіне лайықты баға беріліп, мемориалды ескерткіш ашылды», — деді Алматы облысы әкімі Марат Сұлтанғазиев.
Салтанатты шара барысында мемлекет және қоғам қайраткері, Дінмұхамед Қонаевтың немересі Эльдар Қонаев энергетика саласының ардагері Ерлан Қырқынбаевқа «Қонаевтың 110 жылдығы» мерекелік медалін табыс етті.
Бұл жердің тарихы тереңде жатыр. Айта кетсек, Шапық Шөкин Іле арнасын бөгеп, ағысы қатты өзен бойында су электр станциясын салу керектігін айтып, үлкен жобаны қорғап шықты. Содан кейін бұл идея сол кездегі Қазақстанның басшысы Дінмұхамед Қонаевқа ұнап, станция құрылысы басталып кетті. Ал алғашқы іргетасы 1969 жылы қаланғаны бәрімізге белгілі. Іле өзені бойында су электр станциясы салынып қана қоймай, қазірде облыс орталығына айналған қала бой көтерді», — деп станцияның салыну тарихына тоқталды Ерлан Қырқынбаев.