Азиада-2017: Трамплиннен шаңғымен секіруде Сергей Ткаченко қола алды

Трамплин спорты бойынша тұғырдан секіруден Сергей Ткаченко (238.0 ұпай) қола жүлдені жеңіп алды. Бұл сайыста 254.0 нәтижемен алтынды жапондық Юкия Сато иеленсе, екінші орынға оның жерлесі Юкен Иваса (251.0) тұрақтады. Қазақстандық спортшылардың бірі Жапаров — жетінші орында (198.5), ал Сабыржан Мүмінов пен Константин Соколенко — тоғызыншы орынды иеленді (178.5).

Айта кетейік кетейік, бұған дейін қазақ спортшылары 4 медаль жеңіп алған болатын. Сонымен жалпы 1 алтын, 2 күміс және 2 қола медальға да қол жеткіздік.

ДереккөзInform.kz