Бір тәулікте төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері 57-ден аса өрт ошағына шықты. Сөндіруге 120-дан аса техника мен 700-ге жуық адам жұмылдырылған. Олардың ішінде ТЖД, әкімдік, орман мекемелері, ұлттық ұлан және қорғаныс министрлігі қызметкерлері, сонымен қатар Ми-8 тікұшағы бар.
Зайсан, Глубокое, Ұлан аудандарында, оның ішінде Алтай мен Өскеменде келісілген іс-қимылдар нәтижесінде өрт оқшауланды. Бұл ретте Ұлан ауданында, Герасимовка ауылында және Каменка ауылдық округінің Борсақ учаскесінде, сонымен бірге Серебрянск пен Өскемендегі Алтай ауданында (Согра ауданы) өрт жойылды. Күршім ауданы Үшбұлақ ауылынан 14 шақырым жердегі Пугачев орман шаруашылығы мен Маралды ауылдық округі аумағында тұтану орындарын сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Өрт аумағы анықталып жатыр, — деді ведомство баспасөз қызметі өкілдері.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Өңірдегі өрттердің алдын ала ауданы екі мың гектардан асқан. ШҚО төтенше жағдайлар департаменті мамандарының айтуынша, тұрғын және саяжай үйлерінің аумағындағы шөптер мен өрттердің негізгі пайызы аймақтағы ыстық және құрғақ ауа-райынан, сонымен бірге өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін бұзудан туындаған.
Өртті сөндіру жағдайын екпіні секундына 20 метрге дейін жететін қатты жел қиындатты. Құтқарушылар облыс аудандарында дауыл және өрт қаупі туралы халықты алдын ала хабардар етті, — деп толықтырды департамент өкілдері.
