Сел жүріп, 13 жасар колумбиялық Омайр Санчездің үйі су астында қалған. Басқа баратын жері болмаған оны адамдар үш күн бойы су астында қалған үйінен шығарып алуға тырысқанмен, ол бәрінен бас тартып, отбасымен бірге осында қаза болған.
АҚШ-та барлығына бірдей білім беру туралы заңды қабылдау көпшілікке оңайға соқпағаны белгілі. Алғаш рет мектепке бара жатқан қаранәсілді қызға қоғамдағы ақнәсілділердің таңданумен, қызғанышпен қарағаны мына фотосуретте айқын байқалады.
Бұл хиросималық қыздың көз жанары соңғы рет ядролық жарылысты көрген. Одан кейін еш нәрсені көре алмайтын болды.
Соғыс алаңы балаларға арналмаған. Тағдыр тәлкегімен Отан қорғауға аттанған балалардың болашағы не болмақ? Ауғанстанның кішкентай қорғаушысының өзгелерге үлгі болары анық.
«Әр елдің заңы басқа, иттері қара қасқа». Ауғанстан елінің 18 жасар азаматшасы Айша Бибі күйеуінен қорлық көріп, қашып кеткені үшін халқы оны мұрнынан айырған.
Жүрек трансплантациясымен айналысатын хирургтің 23 сағат бойы жасалған отадан кейінгі күйі.
12 жасар бразилиялық Диего Фразао Торкватоның өзін жоқшылық пен зорлық-зомбылықтан құтқарған ұстазының жаназасында скрипка ойнап тұрған сәті.