Ұмытылуы қиын фотосуреттер

Үздік фотосурет

Сел жүріп, 13 жасар колумбиялық Омайр Санчездің үйі су астында қалған. Басқа баратын жері болмаған оны адамдар үш күн бойы су астында қалған үйінен шығарып алуға тырысқанмен, ол бәрінен бас тартып, отбасымен бірге осында қаза болған.

Үздік фотосурет

АҚШ-та барлығына бірдей білім беру туралы заңды қабылдау көпшілікке оңайға соқпағаны белгілі. Алғаш рет мектепке бара жатқан қаранәсілді қызға қоғамдағы ақнәсілділердің таңданумен, қызғанышпен қарағаны мына фотосуретте айқын байқалады.

Үздік фотосурет

Бұл хиросималық қыздың көз жанары соңғы рет ядролық жарылысты көрген. Одан кейін еш нәрсені көре алмайтын болды.

Үздік фотосурет

Соғыс алаңы балаларға арналмаған. Тағдыр тәлкегімен Отан қорғауға аттанған балалардың болашағы не болмақ? Ауғанстанның кішкентай қорғаушысының өзгелерге үлгі болары анық.

Үздік фотосурет

«Әр елдің заңы басқа, иттері қара қасқа». Ауғанстан елінің 18 жасар азаматшасы Айша Бибі күйеуінен қорлық көріп, қашып кеткені үшін халқы оны мұрнынан айырған.

Үздік фотосурет

Жүрек трансплантациясымен айналысатын хирургтің 23 сағат бойы жасалған отадан кейінгі күйі.

Үздік фотосурет

12 жасар бразилиялық Диего Фразао Торкватоның өзін жоқшылық пен зорлық-зомбылықтан құтқарған ұстазының жаназасында скрипка ойнап тұрған сәті.