Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев айтты.
«Зерделі» шағынауданында проблемалы 32 үй болған. Бүгінгі күнге іргетасы нығайтылмаған 7 көпқабатты үй қалған еді. Олар жыл соңына дейін қайта қалпына келтіріледі, — деді Ерболат Досаев Алатау ауданы тұрғындарымен кездесу барысында.
Оның айтуынша, нығайту жұмыстары «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтының» жобалық шешімдеріне сәйкес қатаң түрде жүріп жатыр.
Сонымен қатар осы аудандағы құрылысы аяқталмаған 2 көпқабатты үйді бұзу туралы «ҚазҚСҒЗИ» АҚ қорытындысы бар. Мердігермен шартқа қол қойылды, жыл соңына дейін бұл үйлер бұзылады. Осы жерде тұрғындар талқылауынан кейін сквер салынады деп ойлаймыз,- деді шаһар басшысы.