Ерболат Досаев: Алматыда қант бағасы екі есе өсті

Алматыда бағаның жоғары өсу қарқыны сақталып отыр. Жыл басынан бергі 6 айдың қорытындысы бойынша инфляция – 10,3%. Инфляцияның негізгі үлесі бірінші кезекте азық-түлік бағасының өсуі есебінен қалыптасты, ол 16,4% жетті, — деді Алматы әкімі.

Оның айтуынша, қант бағасы 2 есе өсіп, қазір 560 теңгеден сатылып жатыр.

Бұдан бөлек, пияздың бағасы 156 теңгеге дейін көтерілді. Нан 95 теңге, сүт 18% өсті. Олардың тұтыну бағасының индексіндегі үлесі – 2,2 проценттік тармақ. Жұмыртқа бағасы 0,4% төмендедіп, 460 теңге тұрады, — дейді Ерболат Досаев.

Әкімнің айтуынша, қазір қалада сиыр еті 2 350 теңгеден саудаланып жатыр. Сары май 5,6% өсті, келісі – 3 400 теңге. Жеткізу тізбегінің бұзылуы және теңге бағамының тұрақсыздығына байланысты инфляция әлі де жоғарылауы мүмкін.