Доллар мен рубльдің бағамы төмендеді

Атап айтқанда, 1 доллар құны – 470, 06 теңгені, Ресей рублі 7,91 теңгені құрайды.

5 қазан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,57 теңгеге төмендеп, 470,03 теңге болған.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 472 – 476 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар 470 – 475 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей валютасын 7,38 – 7,58 теңгеге сатып алуға болады.