Бір тәулікте 60 қазақстандық коронавирус жұқтырған

Мәліметке сәйкес, коронавирус инфекциясы 60 адамнан анықталды, 2 науқас қайтыс болды. Сонымен қатар коронавирус пневмониясы 4 адамда тіркелді.

Осы уақытта індеттен ел өңірлерінде 1 129 адам емделіп жатыр, оның ішінде коронавирустан – 997 (КВИ+), коронавирус пневмониясынан 132 (КВИ-) науқас. 119 пациент стационарда жатса, 1 010-ы амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

— 4 адамның жағдайы ауыр,

— 3 пациенттің жағдайы өте ауыр,

— 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.