Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік антициклонның ықпалында болып, жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады.
Республиканың батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстары фронтальды белсенділіктің ықпалында болғандықтан жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
Түнде республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында топырақ бетінде 1-3 градус аяз болады.
«Қазақстанда ауа температурасы жоғарылайды. Күндіз еліміздің батысында 17-28 градус, солтүстік-батыста 5-18, кей жерінде 8-23 градус жылы, солтүстікте 0-8 градустан 2-11 градусқа дейін жылы, орталықта 3-15 градус, шығыста 0-8, 2-10 градусқа дейін жылы, таулы аймақтарда 2 градустан 12-18 градусқа дейін жылы», — делінген хабарламада.