«Балалар интернеті» функциясы қосылуы мүмкін

БҰҰ 2007 жылы Қазақстанға «Бұқаралық ақпарат құралдарының баланың психикасына, әлеуметтік және эмоционалдық дамуына әсер ететін материалдар жариялауына тыйым салатын нормативтілік актілер қабылдауды» ұсынған еді.

Осыны негізге алған Асқар Шәкіров балалардың интернеттегі қауіпсіздігін сақтау үшін провайдерлер мен сайт иелеріне жауапкершілік артып, «18+» сияқты белгілі бір шектеулер қойғызу керек екенін айтты. Сондай-ақ, Ұлыбритания мен Ресейдегі сияқты «балалар интернетін» қосуды ұсынды. Онда балаларға қажетсіз ақпараттар автоматты түрде сұрыпталады. Алайда, бала, ата-анамен бірге провайдерлердің де құқықтары бұзылмауы тиіс.

Асқар бұл салада ата-аналардың да орны ерекше екенін атап өтті. Себебі ата-ана таратыпынан бақылау болмаған балалар «тыйым салынған» сайттарға кіруге әуес болатыны белгілі.

ДереккөзInform.kz