Зейнетақы қорындағы 50 млрд теңге теміржол саласына бөлінеді

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің алқа отырысында вице-министр Альберт Раудың айтуынша, осы арқылы су жаңа үш мың вагон шығарып, тасымал саласында туындаған сұрақтарды шешуге болады.

Сондай-ақ вице-министр құрылыс саласында компаниялардың отандық өнімге көңіл бөліп, қазақстандық компанияларға қолдау көрсету жағын ескертті. Оның айтуынша, өткен жылы құрылыс үшін сырттан 600 тонна цемент сатып алынған. Болашақта ішкі нарықты отандық өніммен қамту керек. Мысалы, Маңғыстау облысындағы зауыт батысты тұтастай цементпен қамтуға қауқарлы.

Сондай-ақ «Бәйтерек» ұлттық холдингінің басқарма төрағасы Ерболат Досаев компанияның жүйесінде қайта құру болатынын жеткізді. Енді холдинг Елбасының тапсырмасы бойынша инвестиция тартуға басымдық беріп, қаржылық қызметтің бір терезе қағидаты бойынша жұмыс істемек. Бұл қадам холдингке еншілес компаниялардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Жаңа құжат екінші наурызға дейін дайын болады.

Ерболат Досаев, «Бәйтерек» ҰБХ басқарма төрағасы:

2016-шы жылы мемлекеттік даму бағдарламасы шеңберінде ірі жобаларға қаржы бөлу үшін холдинг Қазақстанның даму банкі арқылы Ұлттық қордан, руспубликалық бюджеттен және біріңғай ұлттық зейнетақы қорынан 295 миллиард теңге қаражат алған.

ДереккөзAstanatv.kz