«Аватар» фильмі қазақ тіліне аударылды

«Қазақстандық шығармашылық дубляж тобы фильм мәтінін қазақ тіліне аудару, оның локализациясы және дыбыстау бойынша сапалы жұмыс атқарды», — деп жазды ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Facebook-парақшасында.

Министр «Аватар: Су жолы» кейінгі онжылдықтың ең айтулы фильм болатынын айтты. Оның қазақ тіліндегі премьерасы 16 желтоқсанда өтеді.