Тоқаев Америкада қазақ жастарымен кездесті

Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Instagram парақшасында жазды.

«АҚШ-қа іс сапармен келдік. Бүгін Қасым-Жомарт Кемелұлы қазақ жастарының басын қосқан DigitalNomads қауымдастығының мүшелерімен кездесті. Қауымдастық — әлемнің түкпір-түкпірінде алпауыт технологиялық компанияларда жұмыс істеп жүрген қазақстандық IT-мамандардың басын біріктіріп отыр. DigitalNomads біздің министрліктің бастамасы бойынша құрылған. Қазір құрамында 400-ден астам IT-маман бар», — деп жазды министр.

Кездесуге әлемнің 30 елінен IT-маман келген. Бағдат Мусинның айтуынша, кездесуде саланың өзекті мәселелері талқыланған.