Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Америкаға барды

Тоқаев бүгін JPMorgan Chase & Co, Citi, Goldman Sachs, NASDAQ секілді қаржы институтының басшыларымен кездеседі.

Сонымен қатар Boeing, ExxonMobil, General Electrics, Wabtec, Microsoft сияқты трансұлттық компаниялардың жетекшілерімен, сарапшылар тобымен кездеседі.

20 қыркүйекте Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының жалпы дебатында сөз сөйлейді.

Бұдан бөлек, БҰҰ Бас хатшысымен, Еуропалық Одақ басшылығымен және бірқатар мемлекет басшыларымен кездесу өткізу жоспарланған

Қасым-Жомарт Тоқаев Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі жаһандық саммитке де қатысады.