Қайрат Сатыбалдыұлының ісі бойынша сот басталады

Бұл туралы Астана қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Қайрат Сатыбалдыұлы «Алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру», «Кінәліге сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу, өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, адамның алдын ала сөз байласуы бойынша топтың жымқыру» баптары бойынша айыпталып жатыр.

Айта кетейік, 13 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдық өкілетін асыра пайдалану және аса ірі мөлшерде қаражат ұрлау дерегі бойынша тергеу жүргізген. Күдікті Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын.