Мейіржан Төребаев тағы бір ай қамауда болады

«Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының қаулысымен күдіктіні қамауда ұстау мерзімін іс материалдарымен танысу үшін 30 күнге ұзарту туралы өтінішхат қанағаттандырылды, яғни 17 қазанға дейін ұзартылды», — делінген Алматы қалалық сотының баспасөз хабарламасында.

Айта кетейік, 10 ақпанда Төребаев пен Шерниязовқа қатысты «Қаржы пирамидасын құру және басқару» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.