Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты қамау мерзімі ұзарды

17 тамызда күдіктіні іс материалдарымен танысу кезеңінде қамауда ұстау мерзімін 30 тәулікке, яғни 18 қыркүйекке дейін ұзарту туралы өтінішхат қанағаттандырылды, — деп хабарлады қалалық сот.

10 ақпанда Төребаев пен Шерниязовқа қатысты «Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және басқару» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.

Сәуірдің 11-і күні Нұр-Сұлтанда қаржы пирамидасының қатысушысы ішкі істер министрлігі ғимаратының алдында өзін-өзі өртеп жіберді. Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев оқиғаға түсініктеме бере отырып, жәбірленуші тергеу органдарына қысым көрсету үшін өзін-өзі өртеп жібергенін айтты.

Айта кетейік, аталған іске қатысы бар деген күдікпен танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов күдікті ретінде ұсталған болатын.