Нұр-Сұлтаннан Жезқазғанға жаңа жолаушылар пойызы қатынайды

Жолаушылар пойызы екі күнде жүреді: жұп күндері — Нұр-Сұлтаннан, тақ күндері — Жезқазғаннан кері.

Talgo вагондарынан құрылған пойызда 344 орын бар. Вагондар ауа баптау жүйесімен және биоәжетханалармен жабдықталған. Әр купеде электр розеткалар бар. Сонымен қатар жолаушылар жол бойында Vputi.kz мультимедиялық порталында фильм көріп, музыка тыңдай алады.

Сонымен бірге жолаушылар вагон-мейрамхананың қызметін пайдалана алады. Душ кабиналары тек Grand және Grand PMR класындағы вагондарда (мүгедектерге арналған) бар.

Айта кетсек, 2022 жылдың қыркүйек айының басында №73/74 «Алматы-2-Жезқазған» бағытындағы Талго вагондарынан құрылған пойыз жолға шыққан болатын.