Нұр-Сұлтан-Жезқазған арасындағы әуе рейстерінің саны екі есе артады

Ұлытау облысының азаматтары мен әкімдігінен келіп түскен көптеген өтініштерге, сонымен қатар премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың Ұлытау облысының әуе қатынасын дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында авиация комитеті әуе рейстерінің санын арттырады.

Осылайша 15 тамыздан бастап «Qazaq Air» АҚ авиакомпаниясы Нұр-Сұлтан – Жезқазған бағыты бойынша орындалатын рейс санын аптасына 3-тен 7-ге дейін көбейтетінін хабарлады.

ҚР президентінің жарлығымен құрылған Ұлытау облысының орталығы мен Қазақстанның астанасы арасындағы әуе қатынасы екі еседен астам ұлғаяды.

Бұл өңірдің экономикалық және туристік әлеуетін одан әрі дамытуға ықпал етеді.

ҚР ИИДМ азаматтық авиация комитеті Ұлытау облысының Қазақстанның басқа да өңірлерімен көлік қатынасын реттеу жұмысын жалғастырады.