Биыл ел экономикасының өсімі 3,1% құрады

Биылғы қаңтар-тамызда Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 3,1%-ті құрады. Нақты сектордағы өсу 3,3% болды. Қызмет көрсету саласында іскерлік белсенділік 2,3%-ке өсті. Салалар арасында құрылыс, ақпарат және байланыс, көлік және қоймалау, сауда, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, тау-кен өндіру өнеркәсібі оң өсу қарқынын көрсетіп жатыр. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқынының 5,7%-ке дейін жеделдеуі байқалады, — деді министр.

Сонымен қатар ол мемлекеттік басқару мен әлеуметтік қамсыздандыруға бөлінген инвестициялар 2 есе, білім беруге бөлінген инвестициялар 59,1%, әкімшілік және қосалқы қызмет көрсетуге бөлінген инвестициялар 30,1%, саудаға бөлінген инвестициялар 21,9%, қаржы және сақтандыру қызметіне бөлінген инвестициялар 20,2%, жылжымайтын мүлікпен операцияларға бөлінген инвестициялар 18,8%, құрылыс саласына бөлінген инвестициялар 15,7% өскенін атап өтті.

Өңірлер арасында ең жоғарғы көрсеткіш Шымкент, Алматы қалаларында, сонымен бірге Алматы, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарында байқалып жатыр, — деді ведомство басшысы.