Қазақстанда инвестициялық виза енгізіледі

Виза Қазақстан экономикасына 300 мың доллардан астам инвестиция құйған кәсіпкерлерге беріледі.

Ел экономикасына бір уақытта үш жүз мың доллардан астам инвестиция салған шетелдік бизнесмендерге инвестициялық визаны енгізу үшін көші-қон саясаты тұжырымдамасына және «Халықтың көші-қоны туралы заңына өзгерістер енгізіледі, — деді министр үкімет отырысында.

Сонымен қатар жер қойнауын игеруге инвестиция тарту үшін заңнамаға рәсімдерді оңайлату бойынша тиісті өзгерістер енгізіледі. Арнайы экономикалық аймақ қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында бірқатар шаралар әзірленіп жатыр.

Соның ішінде инвестициялық жеңілдіктер берудің сараланған тәсілін енгізу жоспарланып жатыр. Сәулет-құрылыс қызметін реформалау, сонымен бірге ескірген құрылыс стандарттары мен нормаларын өзектендіру мақсатында тұжырымдамалық жаңа құжат – қала құрылысы кодексі қабылданады,- деді Қуантыров.

Барлық шара президенттің 1 қыркүйектегі жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасында көзделген.