Назым Қызайбай жекпе-жекте ресейлік боксшыны жеңді

Қызайбай ресейлік Гелюса Гадиеваны 5:0 есебімен жеңді.Осы салмақтағы Жайна Шекербекова да Жазира Орақбаевадан дәл осындай есеппен басым түсті.

2010 жылғы Азия чемпионы Мадина Нұршаева (69 келі) Гүлдана Қалмұратты, Дариға Шәкімова (75 келі) Сәния Айтжанованы, Ләззат Күнгейбаева  (81 келіден жоғары) Нұржанат Тілеуімбетованы жеңді.

Турнирге Қазақстан, Вьетнам, Үндістан, Украина, Қырғызстан, Қытай Тайбэйі және Ресей сияқты жеті мемлекеттің боксшы қыздар қатысуда.

Дереккөзkazinform.kz