Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасында көрсетілген негізгі мәселелер: экологиялық жағдайдың нашарлауы, елдегі дизель отыны мен ЖЖМ жетіспеушілігі. Айта кетейік, Атырау облысының басты мәселесінің бірі — «Тухлая балка» буландыру алаңын қалпына келтіру.
Саян Ахметжанов Атырау қаласындағы экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған TAZALYQ АМӨЗ экологиялық жобасымен танысты. АМӨЗ басшылығы кездесу барысында жобаны жүзеге асырудағы кедергілер туралы айтты. Осыған байланысты жобаны іске асыру кезінде мұқият зерделеу және қолдау көрсету туралы шешім қабылданды.
«Бұл жұмысты сапалы әрі жедел жүзеге асыру қажет. Өңірдегі экологиялық жағдай, атыраулықтардың өмір сүру сапасы осыған тікелей байлчанысты», — деді Саян Ахметжанов сапар барысында.
