Алматы облысында қаңтарда ұрланған тапанша табылды

Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №57 мекеменің қызметкерлері қаңтар айында болған жаппай тәртіпсіздік барысында ұрланған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді іздестірді.

Іздестіру кезінде Ескелді ауданы Жастар ауылындағы аялдама жанындағы тас астынан тығулы оқ-дәрісіз сауытымен бірге Макаров тапаншасы табылды, — делінген хабарламада.

Аталған дерек соталды тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркеліп, ҚР қылмыстық кодекстің 287-бабының 3-бөлігі, яғни «Қаруды заңсыз сақтау» бойынша қылмыстық іс қозғалды.