ШҚО-да 45 гектарға жайылған дала өрті ауыздықталды

Ақпаратқа сәйкес, 3 қыркүйекте Зайсан ауданы Айнабұлақ ауылдық округі аумағында өрт шыққаны жайлы хабар түсті. Тілсіз жау ашық алаңда шөп пен бұтаны шарпыды.

Қызыл жалынды өшіруге департаменттің жеке құрамынан 16 адам, 4 техника, орманшылардан 30 адам, 6 техника және жергілікті атқарушы органнан 30 адам, 6 техника жұмылдырылған. Күрделі рельеф және қатты жел өртті сөндіруді қиындата түсті, — делінген ақпаратта.

Өртпен күреске тартылғандардың үйлесімді іс-қимылдарының арқасында от елді мекендерге таралмады. Жалпы ауданы 45 гектарға жайылған тілсіз жау 4 қыркүйекте сағат 17:25-те толықтай ауыздықталды.