Президент Әулиекөл ауданын тікұшақпен аралап шықты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына келіп, өрттен зардап шеккен Әулиекөл ауданындағы аумақты тікұшақпен аралап шықты, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін президенттің Қостанай облысына жұмыс сапарымен барғанын хабарлаған болатынбыз.

Еске салайық, Қостанай облысындағы өрт 2 қыркүйекте  басталған. Жоғары температура мен секундына 20 метрге дейін болған екпінді жел өрттің одан әрі тарауына әсер еткен.

Қазіргі күні Озерное, Лесное, Аманқарағай ауылдарында 108 нысан өртеніп кетті. 10 адамды күйік шалған, бір азамат қаза болды.