«Қазір «Байқоңыр» ғарыш айлағында Eutelsat 9B европалық телекоммуникациялық ғарыш аппаратын ұшыру бағдарламасы аясында «Бриз-М» үдеткіш блогымен «Протон-М» зымыранын дайындау жұмыстары жалғасып жатыр. Зымыранды ұшыру 2016 жылдың қаңтар айының соңына белгіленген және бұл «Байқоңырдағы» ғарыш жылын ашады», — делінген хабарламада.
Айта кетейік, Eutelsat 9B ғарыш аппараты Францияның Eutelsat Communications спутниктік операторына тиесілі.