Биыл 200 шақырым жол көлік қозғалысы үшін ашылады

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясының бас инженері Талғат Смағұлов айтты.

Алдымызда асфальтобетон жабындысы төселген автожол жобаларының басым бөлігін жылдың соңына дейін көлік қозғалысы үшін ашу мақсаты тұр. Олар шамамен 700 шақырымды құрайды. Оның ішінде 200 шақырым автожол көлік қозғалысы үшін ашылады. Бұған қоса, көліктер жер жолмен жүріп жүрген учаскелер, айналма жолдар санын қысқартуға баса назар аударылып отыр. Қазіргі уақытта қолға алынған жобаларға 5 мыңнан астам жұмысшы мен шамамен 4 мың арнаулы техника жұмылдырылған, — деп атап өтті Талғат Смағұлов елордада өткен брифинг барысында.

Оның дерегінше, мердігер ұйымдар салынып жатқан жолдардың бойында шамамен 40 жер қопсытатын және бетон араластыратын қондырғы орнатылған. Нысандардың әрқайсысының іс-шаралар жоспары және бекітілген жұмыс кестесі бар.