Үкімет үш жылға арналған республикалық бюджеттің жобасын мақұлдады

Айтылған тәсілдерді мақұлдап, заң жобасы мен жарлық жобасына дауыс беруді ұсынамын. Ұлттық экономика және Қаржы министрліктері премьер-министр кеңсесімен бірге заң жобалары мен Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын парламентке енгізуді қамтамасыз етсін, — деп тапсырда премьер-министр.

Атап айтқанда, ұлттық қордан республикалық бюджетке бөлінетін трансферттер едәуір төмендейтін болады.

Олар 2023-ші жылы 1,4 триллион теңгеге, 2024-ші жылы тағы 800 миллиард және 2025 жылы тағы 500 миллиард теңгеге азаятын болады. Бұл – өте маңызды аспект, — деді Смайлов.

Оның айтуынша, кепілдендірілген трансферт ұлттық қорға мұнай секторынан түсетін түсімдердің көлемінен аспайтын болады.

Ал бюджет шығыстарының өсуі инфляция межесін ескергенде, ұзақ мерзімді экономикалық өсудің орташа деңгейінен аспайды. Жалпы алғанда, бюджет жобасы теңгерімді. Бюджет әлеуметтік сипатқа ие. Әлеуметтік салаға 2023 жылы 8 триллион теңге көзделген. Экономиканың нақты секторында өңдеу өнеркәсібін дамыту, бизнесті қолдау, көлік инфрақұрылымын дамыту және газдандыру басым бағыттар болып отыр. Жалпы 2023 жылы бұл бағыттың шығыстары 2 триллион теңге көлемінде болады. Біздің міндетіміз – бюджет қаражатын тиімді пайдалану, — деді үкімет басшысы.