Министр ұлттық қордан түсетін трансферт неге ұлғайғанын түсіндірді

Біз мемлекет басшысының қаңтар айының басында берген тапсырмаларын іске асыруға, сонымен қатар түрлі бағдарламалық құжаттарға ақша аламыз. Ұлттық қор басқалармен қатар контрциклдік бюджетті жүргізудің құралы. Ұлттық қордың бірнеше функциялары бар: жинақ, тұрақтандыру және дағдарысқа қарсы. Бұл процесс қалыпты. Бұл контрциклді бюджет саясатының бір бөлігі, — деді Әлібек Қуантыров.

Оның айтуынша, мұнай бағасының өсуі мен доллар бағамының жоғары болуына байланысты ұлттық қорға қосымша кіріс түседі деп күтіліп отыр.

Қазір ұлттық қорда 55-56 миллиард доллар бар, — деді министр.