Басты бет / Қоғам /
fe279eddb1ba69eb25e9044cdef99012 Әуезовтің Америка сапарынан очеркі оқырманын қалай тапты?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Әуезовтің Америка сапарынан очеркі оқырманын қалай тапты?

Қазақ жазушысы Мұхтар Әуезовтің мұрасы оның Америкадағы сапары кезінде жазған жолжазбасымен толықты. Очерк 60 жылдан астам уақыт өткен соң алғаш рет кітап болып басылды және ағылшын тіліне аударылды.

Қазақ мәдениетін зерттеуші Деннис Кин екі жыл бұрын Әуезовтің Америкаға барғанын кездейсоқ білген. Ол газет-журналдардың Newspaper.com архивіне жазылып, Америка баспасөзінде осы күнге дейін Қазақстан және оның мәдениеті туралы жазылған материалдарды іздеген.

Деннис Кин
Деннис Кин. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Туған өлкем Калифорния штатының кішкентай бір қаласында басылып шығатын аймақтық газеттің басты бетінде ұлы қазақ жазушысы Мұхтар Әуезовтің фотосуреті тұр. Адам сенбес оқиғаға тап болдым. Фотода ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің алыбы қызыл секвойя ағашының көлеңкесін паналап тұр екен, — дейді жоба кураторы.

3438b62a2ad0f4ecf28d4d16ea7e1eaf Әуезовтің Америка сапарынан очеркі оқырманын қалай тапты?
Деннис Кин. Фото: Бақдәулет Әбдуалы
b3abc57ebdf00a7e4bc0cf54be4c0e48 Әуезовтің Америка сапарынан очеркі оқырманын қалай тапты?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
997ace7fa48546898dc2b13d4a175b93 Әуезовтің Америка сапарынан очеркі оқырманын қалай тапты?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
b9e0cc09d93d272eb21b1ac54aa41864 Әуезовтің Америка сапарынан очеркі оқырманын қалай тапты?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Деннис осылайша 1960 жылы қазақ жазушысы Мұхтар Әуезовтің КСРО делегациямен бір айға АҚШ-қа барғанын және Нью-Йоркті, Вашингтонды, Лос-Анжелесті және тағы басқа қала мен штатты аралағынын біледі. Жазушы АҚШ-тағы сапарынан бір жыл өткен соң қайтыс болған және оның «Америка әсерлері» очеркінің екінші бөлімі аяқталмай қалған.

Деннис Кин архивтен тапқан материалдарды және жазушының күнделігіндегі үзінділерді топтастырып, «Америка әсерлері» эссесін Walkingalmaty блогына жариялаған. Кейін жазбаға қазақ аудиториясының ерекше ықыласын байқап, мұны кітап етіп басудың амалын іздейді.

d319da55f1a0c61c889d54ffc49badb3 Әуезовтің Америка сапарынан очеркі оқырманын қалай тапты?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
1de67bca2b5007f3d0b4e9b54b196441 Әуезовтің Америка сапарынан очеркі оқырманын қалай тапты?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Осыдан кейін Әуезов орталығының басшысы Диар Қонаевпен кездесіп, бұл туындының тарихи маңызы бар екенін түсіндіріп, ағылшын тіліне аударуға келіседі.

Калифорнияда туып өстім. Қазір Лос-Анжелестегі Калифорния университетінде қазақ мәдениеті мен тарихынан дәріс оқып жүрмін. АҚШ — туған елім, бірақ мені Қазақстанға тағдыр қосты. Жазушының менің қалама, оқыған университетіме барғанын білгенімде шексіз қуандым және мұны басып шығару керек екенін түсіндім, — дейді Деннис Кин.

d66970fa6981e64c5558412f31453b59 Әуезовтің Америка сапарынан очеркі оқырманын қалай тапты?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
0622cdac3ca736976ca7859fe198a841 Әуезовтің Америка сапарынан очеркі оқырманын қалай тапты?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
19e2fb8f267464932acf6909e799369b Әуезовтің Америка сапарынан очеркі оқырманын қалай тапты?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

АҚШ-тың Алматыдағы бас консулы Кэролайн Сэвидж де кітапты оқып шыққан және Әуезовтің жазбаларынан ерекше әсер алған. Ол Америкаға сол кезде дәл Әуезовтің барғанына қуанып отыр, өйткені «Американы Әуезовтен артық кім баяндап берер еді» дейді.

1960 жылдары АҚШ пен Совет Одағы екі ел арасында мәдени байланыс орнаса, өзара қарым-қатынас жақсара түсер деген келісімге келеді. Хрущев жылымығы кезінде АҚШ пен КСРО арасында ұйымдастырылған алғашқы мәдени тәжірибе алмасу сапарына алғашқылардың бірі болып Мұхтар Әуезов барған екен. Ол тағы төрт жазушымен бірге Америкаға жол тартып, мұхиттың ар жағындағы өмірді өз көзімен көрді. Оған қоса, ол қос әлемнің ұқсас тұсын да байқаған, — дейді Кэролайн Сэвидж.

45047f79dd04e5b362f779132e13a6b8 Әуезовтің Америка сапарынан очеркі оқырманын қалай тапты?
Алматыдағы АҚШ бас консулы Кэролайн Сэвидж. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Кітаптың басылып шығуына АҚШ-тың Алматыдағы бас консулдығы мен Мұхтар Әуезов атындағы музей үйі атсалысқан.

95815c4a8fff76cc9be664c70fde587b Әуезовтің Америка сапарынан очеркі оқырманын қалай тапты?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
c88cacbbea843e6db45bec362724383b Әуезовтің Америка сапарынан очеркі оқырманын қалай тапты?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Қонақтар шараның соңында Мұхтар Әуезов атындағы қазақ драма театрының актері Омар Қиқымовтың жазушы образына еніп оқыған үзінділерін тыңдады.

13fe1162357794d8fabd62365cefcb64 Әуезовтің Америка сапарынан очеркі оқырманын қалай тапты?
Омар Қиқымов. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Қазіргі күні «Америка әсерлері» кітабының 1 500 данасы басылып шыққан. Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойы қарсаңында кітап сатылымға шығады. Әзірше оның электрон нұсқасын Kitap.kz платформасынан қыркүйектің соңына дейін тегін оқуға мүмкіндік бар.

39743349f155fd8eae96ddfca8b2d7f3 Әуезовтің Америка сапарынан очеркі оқырманын қалай тапты?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
aed55ad80caf0f8f7ef2fce1bd3577a2 Әуезовтің Америка сапарынан очеркі оқырманын қалай тапты?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Жобаның ақпараттық серіктесі — Baribar.kz порталы. Порталда бүгінге дейін «Америка әсерлері» кітабынан бірнеше үзінді жарияланды.

f610d3e1624fc34a4417093e637175ef Әуезовтің Америка сапарынан очеркі оқырманын қалай тапты?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
4e569c32f816f10f3e4b8c55fcffc378 Әуезовтің Америка сапарынан очеркі оқырманын қалай тапты?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
1920c71e94c2b6b8e274f7312543d8ea Әуезовтің Америка сапарынан очеркі оқырманын қалай тапты?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы
d52de0fadd1a6534811051496c81c7ec Әуезовтің Америка сапарынан очеркі оқырманын қалай тапты?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook