Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі жарияланды

Биыл магистратураға түсу конкурсында грант жеңіп алған үміткерлердің тізімімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Айта кетейік, 12 тамызда магистратураға білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау басталған болатын.

Магистратураға білім беру грантын тағайындау конкурсы 16-20 тамыз аралығында өтті. Жалпы 2022-2023 оқу жылына магистратура бойынша 13 мыңнан астам грант бөлінді.