Магистратураға түскендердің тізімі 25 тамызға дейін жарияланады

Магистратурада білім алуға бүгінде республика бойынша 17 мыңға жуық адамнан өтініш келіп түсті. Грант иегерлерінің тізімі ғылым және жоғары білім министрлігінің телеграм-каналында 25-тамызға дейін жарияланады, — делінген хабарламада.

Сонымен қатар қазіргі кезде докторантураға түсу емтихандары жүріп жатыр. Бұл емтихандар 20 тамызға дейін жалғасады. Емтихан нәтижесі келесі күні докторантураға түсетін адамның «Жеке кабинетінде» жарияланады. Ал апелляцияға арналған өтініш нәтиже жарияланғаннан кейін келесі күні аймақтық тестілеу орталықтары базасында қабылданады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, магистратураға білім беру грантын тағайындау конкурсы 16-20 тамыз аралығында өтеді. Жалпы 2022-2023 оқу жылына магистратура бойынша 13 мыңнан астам грант бөлінді.