Еуразия экономикалық комиссиясы кеңесіндегі Қазақстанның ресми өкілі тағайындалды

Бұл жайында комиссияның ресми сайтында жарияланды.

Еуразия экономика комиссиясының кеңесінде Қазақстан атынан ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің міндеттерін атқарушы Серік Жұманғарин өкілдік етеді, — делінген мәліметте.

Ресми хабарлама кеше Еуразия экономикалық комиссиясына келген.

Серік Жұманғарин таяуда ғана ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрінің міндеттерін атқарушы болып тағайындалған.